Ғ.
Мүсіреповтің пьесалары
Ғ.
Мүсірепов
— қазан
төңкерісінен
кейін
қазақ
даласында
жаңа
туған
театрдың
көрнекті
драматургтерінің
бірі.
Ол
қазақ
драма
жанры
жаңа
туып,
дамып
келе
жатқан
отызыншы
жылдардың
басынан
осы
жанрмен
белсене
Жазушының
бұл
пьесалары
тартысты
оқиғаларға,
ұтқыр
диалогтерге,
кейіпкерлердің
дара
характерлеріне,
халықтың
романтикалық
сарынына
құрылған
аса
құнды
шығармалар.
«Қозы
Көрпеш—Баян
сұлу»,
«Қыз
Жібек»
пьесалары
халықтың
ауыз
әдебиетіндегі
ғашықтық
жырлар
сюжетіне
құрылған.
Жазушының
ерекшелігі
сол
— халықтық
жырларда
суреттелетін
Қозы,
Баян,
Қодар,
Қарабай
образдары
мен
Жібек,
Төлеген,
Бекежан,
Сансызбай,
Базарбай
образдарын
театрлық
өнерге
бейімдеп,
көрермен
көкірегінен
мәңгі
өшпес
орын
алатын
бейне
етіп
шығара
білуінде.
Жазушы
суреттеген
драмалық
бейнелер
бір-біріне
ұқсамайтын
өзіндік
адамгершілік
қадір-қасиеттерімен,
мінез-құлық,
іс-әрекеттерімен
дараланып
көрінген.
Сөйтіп
ел
аузындағы
халықтық
кейіпкерлерді
әлеуметтік
ортаның
заңымен
байланыстыра
сомдап
шығарған.
«Қозы
Көрпеш
— Баян
сұлу»
пьесасындағы
тартыс
Қозы,
Баян,
Күнікей,
Мақпал,
Жарқын
сияқты
жалынды
кейіпкерлер
мен
Қарабай,
Қодар,
Жантық
сияқты
жағымсыз
кейіпкерлер
арасындағы
тартыспен
өрбіген.
Пьесаның
бас
кейіпкерлері
Қозы
мен
Баян
— өз
сүйспеншілігін
ардақтай
білген,
сол
жолдағы
қандай
да
болмасын
кездескен
кедергілерді
жеңуге
бел
буған
тәуекелшіл
жастар.
Ал
оларға
қарсы
тұрған
— тойымсыз,
дүниеқор,
жаннан
малды
артық
көретін
қатал,
қара
жүрек
әке
Қарабай,
дүлей
қара
күштің
иесі
Қодар,
екі
адамды
соғыстырып
қойып,
арасынан
пайда
табуды
көздейтін,
алаяқ,
қу,
жатып
атар
— Жантық.
Әсіресе,
пьесада
кесек
тұрған
тұлға
— Қарабай.
Әлемдік
әдебиетте
де,
орыс
әдебиетінде
де
небір
сараңдардың
типтік
образы
жасалған.
Мәселен,
орыс
әдебиетіндегі
Плюшкиндер
ұрпақтан-ұрпаққа
аңыз
болып
кеткен
сараңдардың
типтік
тұлғасы.
Осындай
әлденеше
ғасыр
өтсе
де,
халық
жадында
сараңдығымен,
дүниеқоңыздығымен
ұрпақтан-ұрпақка
мұра
болып
келе
жатқан
образ
— Қарабай.
Ол
мал
үшін
жалғыз
қызы
Баянды
да
құрбан
қылады.
Баянды
қолында
малы
жоқ
жалқы
жігіт
Қозыға
қосуға
қарсы
болып,
қалыңмал
берем
деген
Қодармен
қол
ұстасуы
да
сол
дүниеқорлықтың
белгісі.
«Жетпіс
жыл
бағып,
жеті
жапырағына
тісі
тимеген»,
мыңғырған
малдың
пайдасын,
қызығын
көрмеген
Қарабай
мал
үшін
өз
жанын
беруге
де
даяр.
Араны
ашылған
осы
қорқаулық
Қарабайға
жабысқан
дерт,
психологиялық
ауру.
Айналасындағы
жұрттың
бәрі
оның
малына
көз
тігіп,
қызығып
тұрғандай,
талап
алуға
дайын
тұрған
қорқау
қасқырдай
көрінеді.
«Қарабайдікі
дегенге
бұл
жұрттың
қызықпайтыны
болсайшы!
— дейді
ол,
— тек
талап
алайын
деп
отыр...
Түс
көрсе,
менің
жылқымнан
басқаны
көруді
қойыпты
бұл
ел!..
Ел
дейді,
мұны!
Ел
ме екен осы? Жау емес пе анталап торып тұрған...
Адыра қалсын, бүйтіп
ел болғаны!.. Қайран қолдан-қолға
таланғалы тұрған
иесіз дүниелік..." деп зар
қаққан Қарабайды осы
қараулық ақыры
жындануға да жеткізеді...
Драматург Қарабай образын шегіне жеткізе, ерекше типтендіріп, сараңдық пен дүниеқорлықтың жиынтық бейнесі етіп шығарған.
Жазушының
ерекше даралап сомдап шығарған
образы — Жантық бейнесі. Ол қызға
таласқан екі жақты сүзістіріп
жіберіп, Қарабайды жеті жыл көшсе де
қалың кұм, шөлейттен шыға
алмас сергелдеңге салып қойып, ол бір
боранда олай-бұлай болып кетсе, осы
малға өзім ие болсам деген
пиғылдағы қара ниет, қаскөй,
айлакер, қу. Ол осы ойын іске асыру
үшін адасқан бетінен түзелмек
болған Қодарды да азғырып қайта
зұлымдық жолға салып жіберіп,
Қозыға қанжар салғызады.
Бірақ көп кешікпей
өзі де сол Қодардың қанжарынан
қаза табады. Бұл жерде жазушы «Жауызға—
жауыздық өлім» деген
үкім шығарып отыр.
Айлакер,
алаяқ, қаскөй, алдамшы Жантық
жиынтық бейне ретінде көрініп,
Гончаровтің Обломовы, Гогольдің
Хлестаковы, Шекспирдің Ягосы сияқты,
қазақ әдебиетіндегі өзіндік
ерекше бейнесімен дараланған
тұлға.
Пьесадағы
басты жағымсыз кейіпкерлердің бірі
— Қодар. Халық жырындағы Қодар
бейнесі пьесада да сомдала түскен. Ол —
махаббатты күшпен көндірмек
болған дүлей күш
иесі, қыз жүрегімен санасу оның
ойында жоқ. Оның ойынша, әке берсе,
қыз ешқайда кете алмайды,
сондықтан ол Қарабайдың
көңілін табам деп мыңғырған
мал соңына еріп малшы, құсшы,
кұл болуға даяр. Ол бір
сәт алған бетінен қайтпақ болып,
Қозымен достасады. Бірақ
Жантықтың айдап салуымен жалған
намысты қуып, Қозыны өлтіріп
тынады.
Пьесадағы
қосалқы кейіпкерлер — Жарқын
ақын мен қос мұңлық ана
Мақпал
мен Күнікей бейнелері де
тартымды шыққан.
1954
жылы жазушы осы пьесаның оқиға
желісін арқау ете отырып,
«Махаббат туралы дастан» атты көркем
суретті фильмнің сценарийін жазды.
Пьеса орыс тіліне аударылып, Мәскеу
театрларында қойылып, жоғары баға
алды.
Ғ.
Мүсіреповтің драма жанрындағы аса
көрнекті туындысы —«Ақан
сері—Ақтоқты» пьесасы. Бұл
шығарма тарихи тақырыпқа
арналған. Мұнда әйел теңдігі,
махаббат мәселесі сөз болады.
Махаббат бостандығына ұмтылыс
жасайтын бас кейіпкер — Ақан мен
Ақтоқты. Жазушы өмірде
болған тарихи тұлға — Ақанды
бас кейіпкер етіп алғанымен,
трагедиядағы негізгі тартыс үлкен
әлеуметтік астары бар мәселе
төңірегінде өрбиді. Бір жағы —
қаныпезер қазірет бастаған
ескішіл кертартпа, жыртқыш топ, екінші
жағы — ақын, сері Ақан
рухтандырған ілгерішіл қауым, әділдікті
пір тұтқан өскелең шоғыр
арасында дәуірдің түбірлі
қайшылығы көрініс береді. Науан
қазірет мешітті көз ғып ұстап,
өзінің арам істерін жүргізіп
жатады. Ол өзін шариғат насихатшысы
санағанымен, діннен
көбінше бейхабар. Оны Науанның өзі
де жасырмайды. «Қамшым қалса,
қазіретіңді
қайтушы ем! Бірі — жүген, бірі —
ноқтам бұл елге», — дейді ол
Ақанға. Сары далада жатқан
қараңғы елге оның істемейтін
зорлығы жоқ. Ең ақыры, өз
тоқалы Мәрзияны тірідей
көрге көмуге дейін барады. Тосын
көзге бұл оқиға оқыстау көрінгенмен,
ертедегі қазақ шындығына сыйымды.
Мәрзияның дауын даулап келген
адамдармен де қалай сөйлесудің
ебін Науан біледі. Ол төре
тұқымынан шыққан пысықай
Жалмұқанға Қоңқай деген
момынның сұлу қызы Ақтоқтыны
әперетін болып, жаңа бір
қиянат бастайды. Жазықсыз жапа
шеккен жеңгесі Мәрзия үшін
қазіретпен қатты
қақтығысқан Ақан
сүйгені Ақтоқтының еріксіз
ұзатылуы тұсында ерекше тебіреніске
түседі.
Осылайша,
пьесаның басынан аяғына дейін
жауыздық, зорлық иесі Науанмен
алысушы, олардың астамдығы мен
арамдығын әшкерелеуші Ақан болады.
Жақсылықты, шындықты сүйген жас
қауымды соңынан ерткен Аканның
зорлықшыларға қарсы күресі
халықтың мұқалмас ар,
жігерінің жарқын көрінісі
секілді. Аканның айтқан әзіл
сөзі, мәнді мәселелерді көтеруі
күштілер мен тістілерге түрпідей
тиеді. Олар ақынды қаралайды,
ғайбаттайды, алдынан ор қазады.
Ақынға тілектес, ниеттес, халық
өкілдері — Балта, Жылкелді,
Мәрзиялар тым әлсіз күш.
Ал Науан қазірет бастаған топ —
бүкіл діндар, қожа,
төре, бай мен би, атқамінерлер мен
пысықтардың қалың тобыры.
Түптеп келгенде, патшалық
әкімшілік те
қазіреттердің
сүйеушілері. Міне, ақын трагедиясы—мақсаттың
өршілдігіне қарамастан, қара
бұлттай тұтасып түнерген әділетсіз
қоғам алдында амалсыз тізе бүгіп,
жеңіліс табады. Ол — өмір
заңы, қоғам заңы. Ақан осы
заңның амалсыз құрбаны
болған азамат. Дегенмен де Ақан
бастаған жаңашыл топтың іс-әрекеті,
қараңғылыққа қарсы
күресі тарих сахнасында із қалдырды,
жаңалықтың, бостандыққа
ұмтылудың ұрығын септі. Ғ.
Мүсіреповтің «Ақын
трагедиясындағы» Ақан осындай
қаһарман.
Ғ.Мүсіреповтің
тарихи тақырыпқа жазған елеулі
шығармасының бірі — «Аманкелді»
пьесасы (Б. Майлинмен бірге жазды). Бұл
пьеса алғаш 1936 жылы
жазылған. Кейін біраз
түзетулермен қайта жазылып шықты.
Пьесаның негізінде «Аманкелді»
кинофильмі түсірілді.
Аманкелді пьесасында 1916 жылғы Торғай
облысында Аманкелді бастаған ұлт-азаттық
қозғалысы, қазақ
еңбекшілерінің жергілікті байлар,
болыстармен ақ патшаға қарсы
күресі суреттеледі. Пьесаның
оқиғасы патшаның 1916 жылғы июнь
жарлығы бойынша майданға, қара
жұмысқа қазақ азаматтарын алу
туралы патша жарлығына қарсы
наразылықтан туындайды. Жергілікті
болыстар халық көтерілісінің
басшысы Аманкелді Имановты
«ояздың үйін өртеді» деген жала
жауып, түрмеге қамайды.
Аманкелдінің Достары Петр Логинов,
Пластунов, Жайнақ, Кете батыр, т.б.
оны түрмеден босатып
алып шығады. Аманкелді бастаған
азамат соғысы Қазан
төңкерісімен ұштасып, қазақ
даласында Кеңес өкіметінің
орнауымен аяқталады.
Аманкелді
отрядына ішкі жаулық ниетпен өткен
Кенжеқара бір
қысылтаяң кезеңде капысын тауып,
бейқам тұрған Аманкелдіні
сыртынан атып өлтіреді. Аманкелді
өлгенмен, Жайнақ, Бану, Михаил
Пластунов бастаған топ оны
қоршаған туды жықпай Кеңес
өкіметін орнатады.
Ғ.
Мүсірепов шығармаларының
көркемдік ерекшеліктері.
Ғ. Мүсірепов кейіпкерлері
ұлттық ерекшеліктерімен көрініп,
іс-әрекетімен, мінез-кұлқымен,
өмірге деген өзіндік көзқарасымен
дараланып берілген. Ол жасаған образдар
ерекше типтік дәрежеге
көтеріліп, оқушының жадында
ұзақ сақталып қалады. Сол
себепті де оқушы қауым оның
шығармаларын сүйсіне оқып,
келешек туындыларын асыға
күткен.
Жазушы
шығармаларының тілдік ерекшелігі —
аз сөзге көп мағына
сыйғыза білуінде, ащы сарказм, юморды
жиі қолдануында болып келеді.
Мүсірепов
әр сөзді орын-орнына
қолдана білетін, жеке сөйлемдерге,
синтаксистік сөз тіркестеріне аса зор
жауапкершілікпен қарайтын суреткер,
нәзік сезімді сөз зергері, нағыз
стилист жазушы. Жазушыны өзгеден
ажыратар, өзіндік қолтаңбасын,
өзіндік бет-бедерін
айқындайтын осындай қасиеті оның
өзіндік стилі болып саналады.
Стиль — өте кең ұғым. Ол жазушының тақырып таңдауынан бастап, шығарманың идеялық мазмұны, жанры, композициясы, образ жасау, сөз қолданысы, поэтикалық, тілдік көркемдігі, т.б, толып жатқан компоненттерді түгел қамтиды. Осы стиль ерекшелігімен ерекше көзге түсетін шебер жазушылардың бірі және бірегейі — Ғабит Мүсірепов.