БЕЙІМБЕТ
МАЙЛИН
(1894-1938)
Жиырмасыншы
ғасырдағы
қазақ
әдебиетінің
іргелі
жанрларын
қалыптастыруға
Өмірбаяны.
Болашақ
қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай
облысы, Қостанай уезі, Дамбар
болысындағы Ақтөбе
деген жерде (қазіргі Қостанай облысы,
Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған.
Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн
көріс үшін шешесі бір байға
сауыншылыққа жалданады. Жетілерге
келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі
байдың қозы-лағын бағьш,
соңынан ат-арбасына делбеші болады.
Сөйтіп, ол жоқшылық
зардабын өзі де әбден біліп-танып,
кәрі
әжесі мен анасының зарлы
кейістіктерінен, құдайға
шағынуларынан тітіркене тұшынып
өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел
іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін
әсерлі
етіп өлеңге
айналдыратын
әжесі
немересінің жасынан қисынды, қызық
сөзге, әдебиетке зауықты больш
өсуіне әсер етсе керек.
Алғашында
ауыл молдасынан оқып,
қара таныған зерделі де орнықты
бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар
мұғалімінен
сабақ алады. Содан кейін 16—18
жастарында жақын жердегі Әбдірахман
Арғынбаев деген кісінің медресесінде
оқиды. Білімге құштар
Бейімбет осымен тоқтап
қалмай,
1913-1914 жылдары
Троицкідегі
“Уазифа” (“Міндет'')
мектебін бітірген соң, 1914 жылы Уфа
қаласындағы
Медресе-Ғалияға түседі. Онда
әйгілі оқымыстылар,
жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан
Ибрагимов (бертінде — 90-жылдардың
басында қайтыс
болған) дәріс беретін. Әйгілі
башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен
Мағжан
Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған.
Медреседе шығьш
тұрған
"Садақ" атты қолжазба
журналдың 1914 жылы 3-санында
Бейімбеттің тұңғыш туындысы —
"Шұғаның белгісі" хиқаяты
жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана
тәй-тәй
тұра бастаған
кезде жиырма жасар жігіттің бірден
осыншалық көркем, әсерлі хикаят
жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады.
Бұл хикаят өзінің барша асыл
қасиеттерімен осы күнге дейін
тамсандырьш келе жатқан татымды туынды
болып қалып қойды. Бейімбет сол
жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың
классикалық әдебиетімен танысады.
Бірақ ол денсаулығына байланысты
оқуын аяқтай алмайды. Емделу
жағдайымен Троицкіге барады (1915 ж.),
ондағы "Айқап" журналына
өлеңдер бастырып, журналдың
шығарушылары: Мұқамеджан
Сералинмен, өте дарынды ақын
Сұлтанмахмұт Торайғыровпен
жүздеседі. Ауылында мұғалім болып
жүрген кезінде қазақ жастарын
майдандағы қара
жұмысқа
алу туралы 1916 жылғы аты шулы патша
жарлығына қарсы бүкіл ел
көтерілгенде, Бейімбет Майлин ұлт-азаттық
көтерілісін жақтап, азаматтарды
атқа қонуға
шақырған өлеңдер жазады. 1917
жылғы ақпанда патшаның тақтан
түсуін, қазақ елінің азаттық
алуына мүмкіндік туды деген оймен,
қуана қарсы
алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай,
кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай,
тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға
шақырады.
Бұрынғыдай
байың, жарлың шашылма!
Бірлікпенен
жұмыс атқар,
басыл да!
Азын-аулақ
миың болса басыңда,
Партия,
штат, дау
- шарыңды қой,
қазақ!
—
дейді.
Бұл сөздің бүгінгі күн үшін
де ешбір ескірмегенін дәлелдеп жату
артық. Кеңес өкіметі орнап,
халықты тырп еткізбей, өз ырқына
көндіргеннен кейін Бейімбет те жаңа
тіршілік жағында
болып, ауылдық жердегі жұмыстарға
қатысады. 1922 жылдан бастап мерзімді
баспасөзде жұмыс істеп, сол кездегі
астана — Орынборда шығатын газеттерде
әңгіме, өлең, очерктері шығып
тұрады.
"Шұғаның белгісі"
хиқаяты
журналда жарияланып, өлеңдер жинағы
жарық
көреді.
1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл"
газетін шығарысады, сол кездегі қазақ
прозасының айтулы табысы саналған
белгілі "Раушан — коммунист" хикаяты
алғаш
рет сонда басылады. Үкіметтің арнайы
шақыруымен 1925 жылы жаңа
астана — Қызылордаға келіп,
республикалық
басылымдарда жауапты қызметтер
атқарады. 1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті"
газетінің редакторы болады,
өмірінің ақырына
дейін 1934 жылы құрылған
Қазақстан жазушылар одағының
басшылық құрамында
больш, әдеби істі ұйымдастыру,
жас таланттарды тәрбиелеу жұмысына аянбай
ат салысады. Жазудан жалықпайтын
майталмен суреткердің ірілі-уақты
талантты туындылары күн
құрғатпай дерлік жарық көріп
жатады. Туған
елінің Қазан төнкерісіне дейінгі
және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгерістер
мен олардың терең себептерін,
адамдарының психологиясы мен мінезін
жетік білетін сұңғыла
талант иесінің қаламынан туған
өлең, поэмалары, соның ішінде,
әсіресе төңкерістен кейінгі
қазақ кедейінің типтік бейнесін
табиғи сомдаған "Мырқымбай"
топтамасы, қысқа да қызықты
әңгімелері, әйгілі "Шұғаның
белгісі", "Раушан — коммунист" хиқаяттары,
"Азамат Азаматыч" романы, "Талтаңбайдың
тәртібі", "Майдан", "Неке
қияр", т.б. драмалары — бәрі жиналып
келіп, ауыл өмірінің біртұтас
көркем күнделігі, ғажайып
суреттің шежіресі іспетті. Даңқты
замандастары Бейімбет шығармашылығын
солай қабылдап, солай бағалады да.
1933-1936 жылдары жарық көрген төрт
томдық шығармалар жинағын қоса
алғанда, көзі тірісінде Б.
Майлиннің елу шақты жеке кітабы
шыққан. Бұл
жағынан кезінде оған теңдес басқа
қазақ қаламгері болған емес.
Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін
еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан
қамауға алынып, 1938 жылдың
ақпанында, өзінің даңқты
қаламдас, түйдей құрдас-достары
С. Сейфуллин, I.
Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық
жүйенің құрбаны
болды.
Үлкен
суреткер артына тамаша туындыларын
қалдырды. Ол — бүгінде де қазақ
оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып
оқитын
жазушыларының бірі. Қазақ
прозашыларының қазіргі таңдаулы
саңлақтары Бейімбет Майлинді
өздеріне ұстаз
санайды және оның шеберлігінен
үздіксіз
үйренеді.
Өлеңдері
мен поэмалары.
Бейімбет
Майлин, қазақ қаламгерлерінің
көпшілігі сияқты, жазуды
ақындықтан
бастаған.
Оның қазақ
поэзиясының
тарихында өзіндік орны, үлесі бар.
Бейімбеттің
қазақ поэзиясындағы
орны, үлесі ала бөтен
шеберлігі, мінсіз көркемдігінде емес.
Оның өзіне ғана
тән өзгешелігінде. Атап айтқанда,
жырлаған тақырыбы мен сомдаған
бейнелерінде.
Бейімбет
сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын,
ауыл адамдарының мінез-құлқын
қазақ поэзиясында өзіне дейін
болмаған ауқымда,
терең білгірлікпен және
шыншылдықпен жан-жақты суреттеді.
Кедейінің болсын, байы мен
орташасының болсын дәл, шынайы, типтік
бейнелерін жасады және соның бәрін
тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді.
Бейімбет жасаған бейнелер, оның
прозасы мен драмаларындағы сияқты,
оқырманға езу тартқызып,
сүйіндіріп отыратын ұтымды да
шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен
даралана, әсерлі де қызықты бола
түседі.
Ұяда
не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Бейімбет қаймағы бұзылмаған
қазақ ауылында туьш, өсті.
Қазақ төңкерісіне дейінгі,
Кеңес өкіметі үшін күрес
аласапыранында, өзі жазықсыз
жазаға үшырағанға дейінгі
кеңестік кезеңде реалист суреткер
басқа тақырыптарға алаңдамай,
өзіне жақсы таныс, өзі қалың
ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл
тіршілігін өз шығармаларының
арқауы етіп алады. Өзі сияқты
ауылдан шыққан және ауыл өмірін
ешкімнен кем білмейтін біраз
қаламдастары қаланы, зауыт пен
фабриканы, жұмысшы табын
шығармаларына тақырып етіп
жатқанда, саясат соған үндеп
жатқанда, Бейімбет еліге қойған
жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап
шыға қоймағандығынан деп
түсіндіруге болмайды. Бұл оның
талантының өзіндік сипатына,
шығармашылық бейімділігіне,
өзіндік таньм-түсінігіне байланысты
еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі
де 1931 жылы: "Менің бұл күнге дейін
жазған тақырыбым ауыл туралы ғана
болып келеді. Өндіріс өмірін
суреттеуге мен әлі күнге шейін кірісе
алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге
өндіріс өмірімен таныстығым жоқ"
деп жазған. Ақын өлеңдерінің
мазмұны мен өзіндік көркемдік
сипаттары оның осы ауыл өмірінің
реалистік бейнесін сомдауымен
ерекшеленеді. Соған шабыттандырған
күш не екенін мына шумақан
анық көруге болады:
Сенің
зарың — зарлайтыным
өмірде,
Сенің
арың — арлайтыным өмірде.
Сен
жыласаң — көзден жасым тамшылар,
Сен
қуансаң — қайғы, шерім аршылар.
"Кедейге"
деген бұл өлең оның кедей
қауымына берген серт-уәдесі іспетті.
Ал
"Ұлы күн" өлеңінде
жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп,
оның себебін де айтады.
Жырлағаным
— кедейдің жыры,
Сырлағаным
— кедейдің сыры.
Сырым
да бір, жырым да бір,
Мен-дағы
сол кедейдің бірі.
Көріп
отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне,
қыр елінің кейпіне өзінің
шыққан тегі — кедейдің көзімен
қарайды. Қоғамдық ой-сананы
уысында ұстап, билеп-төстеген,
көзқарас атаулыны таптық таразымен
өлшеген заманда жоқтықпен көз
ашқан жазушының бұра тартар жөні
де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер
Бейімбет шындыққа өктемдік жасап,
өңін айналдырған жоқ, оның
туындыларында қоғамдағы әлеуметтік
қайшылықтар,
жаңа мен көненің күресі, түрлі
таптар мен жіктер өкілдерінің ой-санасы,
мінез-құлқы,
психологиясы, даралық сипаттары
көзбен көріп, қолмен
ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін
тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол
типтер эстетикалық ләззатқа
бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.
Ақын
төңкеріске дейінгі де,
төңкерістен кейінгі де ауылды
суреттегенде кедейлерге мұраттастық,
мұңдастық тұрғысынан
көрсетеді.
Бейімбеттің
кедейлерге іш тартуы мен жақындығы
кеңестік саясат пен идеологияның
ғана әсері десек, шындықтан бұра
тартқандық
болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген
кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық"
деген алғашқы өлеңінде-ақ:
Ай,
мұқтаждық, кесел болып тұрдың
ғой!
Талапкерге
қарсы тұзақ құрдың ғой!
Қолды
созып, бойды жазып жүргізбей,
Ауруы
жоқ бір мүгедек қылдың ғой, —
деп,
мұқтаждықтың талапты жастың
алға басқан қадамын кейін тартып,
"жалыңдаған жүрегін
сендіретінін" күйіне жазған.
Медресе-Ғалиядағы
шығьш тұратын қолжазба
журнал— "Садақта" тұңғыш
жарияланған (1912) "Мұсылмандық"
деген қазақтың
ескі тұрмысының
кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі
көріністерін ажуа-сықақ,
мысқылмен шындыққа сай
суреттей келе, кейбір қазақтардың
діншілдігінің жасандылығын
келемеждейді. Дін парызын орындағансып,
зекетке берген көтерем тай, қотыр
қойының есебіне "о дүниеде"
жұмақтан бір-ақ шыққысы
келетіндерді кекетіп:
Барлық
қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға
орын қылмай жүрмесін,-
дейді
ақын.
Бейімбеттің
ақындығының алғашқы
қадамынан осылайша басталған сатира
мен әзіл-сықағы келе-келе
поэзиясының күшті де әсерлі бір
көркемдік сипатына айналады.
Қарапайым өлең жолдарын бейнелі,
терең мәнді қызықты етіп
жібереді.
Мырқымбай
бейнесі.
Ақын
өз талантының осы ерекшелігін
сүйіне сомдаған кейіпкері —
Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін
суреттегенде молынан пайдаланады.
Мырқымбай образының сәттілігі,
тартымдылығы көп жағынан
ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына
байланысты.
Жазушы
бұрын табан астында жаншылған
қараңғы ауыл кедейінің замана
үрдесіне ілесіп, еркіндікті сезініп, ел
қатарына қосылу барысын шынайы,
нанымды, тартымды бейнелейді. Оның
атының өзінде жинақталған
ұғым, астарлы мағына бар.
Қазақтар елеусіз, ескерусіз біреуді
Мырқымбай ғой,
Мырқымбайлардың
бірі ғой дейді. Мына Мырқымбай — сол
жүздеген, мыңдаған
Мырқымбайлардың 20-жылдардағы
қат-қабат өзгерістер
барысындағы тағдыр-талайының
мәнді белгілері іріктеліп жасалған
ортақ бейнесі. Лауға ат сұраған
ауылнайға тіл тигізіп, ожарлық
көрсеткен Мырқымбайға әкесі:
Мырқымбай!
Мырқымбай! Мырқымбай!..
Бай,
бай, бай, бай!
Жарым
ес-ай!
Құның
ба еді
Бір
шолақ тай! —
дейді.
Ал Мырқымбай бұған:
Әке-ау,
мұның не? Ауылнай құдай ма еді?
Әкімді құдай деп,
шұлғимыз да отырамыз ба? — деп жауап
береді.
Реалист
жазушы шындық шеңберінен шығып
отырған жоқ. Бұл кездегі, яғни 1922
жылғы Мырқымбай одан бес жыл
бұрынғы байға бағынышты,
болыстың сөзі, қылығы болатын
Мырқымбай емес, өмірдегі жаңа
өзгерістің өзіне қатысты
жақсы жағын сезініп, еті тіріле
бастаған. Алдына қойған
мақсаты үшін күресу сезімі
оянған, бірақ ол күресуді қарсы
келгенмен жағаласа кету, қисық
сөйлеп, қыңырлын көрсету, бет
бақтырмау деп біледі. Одан арғыға
білігі
жетпейді.
Ал
әкесі баласының әлгіндей
қылығына күйіп-піседі:
Бар,
шақырып кел!
Сары
атты бар!
Қол
қусырып, аяғына жығылсаң,
Ашуын
тастадым дер! —
дейді.
Бірақ тоң мойын бала әке ақылын
алмайды:
—
Бара алмаймын.
Оған
пенде бола алмаймын!
Тентіретіп
жіберсең де,
Бұл
тіліңді ала алмаймын! — деп, алған
бетінен қайтпайды.
Бейімбеттің
әр кезде Мырқымбайға арналған
жиырма шақты өлеңі арқылы
Мырқымбайдың өсу, өзгеру жолы,
мінез-құлқының
әр қыры дәл, нанымды, өзінше
өзгеше суреттеледі. Сөйтіп,
Мырқымбай бейнесі сомдалып, типтік,
барша Мырқымбайларға ортақ бейнеге
айналады.
Әкесі
болса, әйтеуір, атқамінерлердің
ашуына тап болып, бір пәлеге ұшырап
қалмасақ екен дейді. Сорлы
әкенің, әйтеуір, атқамінер
атаулыға құлдық
ұрып, қорғалаудан басқа
қолынан келері жоқ, одан басқа
білері жоқ.
Боқтауын
да есітті, Шауып алудан тайынбас, — Түріп
қойын есікті. "Малын жасырды" деп,
"Егіні басылды" деп, "Налок" дей ме,
"мәлок"
дей ме, Әй, қатырды ғой басымды кеп,
деген
сөздерінен оның өрісі мен ересі,
өзіндік болмысы көрініп тұрған
жоқ па?!
Дүниені
асты-үстіне келтіріп, "жаңа
қоғам" құрамыз деп,
жоғарыдан бір жарлық болса, оның
мәнісіне түсінбей тұрьш, момын
елдің басына әңгір таяқ
ойнатуға құмар, пәтуасыз
ауылнайлар бейнесі де көрінбей
қалмайды. Жазушы оларды ашық
алаңға шығарайын десе, заманнан аса
алмағаны да байқалмай қалмайды.
Олар турасында сөз арасыңда, "реті
келгенде"
айтып қалғандарының өзінен ауыл
белсенділерінің жазушының ызасын
келтіретін, тап басып айтылған сипаттары
білінбей қалмайды.
Ауылда
болып жатқан өзгерістер
Мырқымбайды айналып өтпейді, оның
мінезінен де, түснігінен де көрініс
табады.
Мынандай
қызық штрихқа назар аударайықшы.
Еңбекті бейнет деп қана ұғатын
жалқау кедейдің ескі әдетіне
бағып, Мырқымбай көктемгі егіс
науқанына селт ете қоймайды,
жаңадан қосылған жас келіншегін
айналсоқтап, үйінде қалады да, жер
жыртуға әкесі кетеді. Соқаға
көк шолақ ат пен көк сиырды парлап
жеккен олақ та күйгелек шал
үйреншікті бай-байына басып:
Айт!..
Боразда!..
Бауыздалғыр көк шолақ.
Өй!
Мырқымбай... Жүгендемей, ноқталап...
Өк!..
өк.. өк.. ек!.. Арам қатқыр көк сиыр...
Әй,
құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді!..
Бүгін
үйде жататұғын екенмін,
Мырқымбай
мен жіберіп-ақ келінді! —
дейді
ісінің берекесі
болмай.
Алайда
ауылды үйіріп, өз арнасына тартып
әкетіп бара жатқан өзгеріс-жаңалыктар
Мырқымбайдың ойы мен бойын билеп,
жаңа іс-әрекеттерге бастайды.
Шаруаға қолайлы басқа бір
өңірге отбасымен бет алған
Мырқымбай мынау:
Майлаусыз
сықырлаған ағаш арба,
Көк
шолақ мықшыңдайды тартып зорға.
Шаңырағын
таңып алып
жүк үстіне,
Мырқымбай
көсемсініп барады алда.
Өмірден
өз орнын тауьш, тұрмыс-тіршілігі
оңданып, біраз жұртқа
үлгі де болатын қасиет тапқан
кейіпкері Мырқымбаймен ақын:
Жидың
білем қоңыңды,
Көрдің
бе енді жолыңды;
Ілгері
көшке жетейік,
Бер,
Мырқымбай, қолыңды! — деп
көңілді қоштасады.
Мұнда
ақынның
тап болған бейтаныс өмір
соқпағымен талап талқыдан өтіп,
бір белеңге көтерілген ауылдың
болашағына деген үміті, тілегі бар.
Поэмалары
дегенде,
қаламгердің
өзі ат қойып, айдар таққан
әйел теңдігі, махаббат
тақырыбындағы "Рәзия қыз",
"Маржан"'
"Зайкүл", "Қашқан келіншек"
пен әлеуметтік
маңызды
тақырыптарды
көтерген
"Қанай", "Бөліс", "Өтірікке
бәйге", "Хан күйеуі" тәрізді
сүйікті туындыларын атаймыз.
Осылардың ішіндегі көркемдік
деңгейі мен жанр табиғатын сақтауы
жөнінен ертеректе (1919) жазылған "Рәзия
қыз" бен бертінде, Бейімбет
бірыңғай прозаға ден қойған
кезінде, жазылған "Маржан" (1933)
поэмалары көрнекті
орын
алады.
"Рәзия
қыз" поэмасында бай қызы (Рәзия)
мен кедей жігіттің (Әлім)
ғашықтық хикаясы, екі ғазиз
жастың көксегендері орындалмай, ақ
бандылардың қолынан қайғылы
қазаға ұшырағандары суреттеледі.
Ал екінші поэмасының кейіпкері
Маржан қыздың көңілі түскен
кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі
— сақа, екіншісі — өзі қатарлы жас)
Самалық байдың кесепатына кезігіп,
дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке
душар болады.
Қалған
поэмалары ішінде "Хан күйеуі"
шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып
ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл
оқиғасы, азамат соғысы, жер
бөлісі тақырыптарын
қозғайды.
Бейімбетте
қара өлең бастаған
қазақ өлеңінің байырғы
түрлерінің бәрі дерлік бар және
Абай жасаған жаңаларының да (мысалы,
"Мырқымбай" топтамасында алтыаяқ
үлгісінде жазылған өлең бар)
кейбірі кездеседі. Бірақ солардың
бәрінен ақынның өзіндік
қолтаңбасын, стильдік мәнерін
айыру қиынға түспейді. Бұл
ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе
ойға салмақ түсіріліп, сыртқы
әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі
сырына баса мән беретінінен көрінеді.
Ақын поэзиясы айтайын деген ойының
айқын, анықтығымен, тілінің
құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді.
Әсіресе, "Мырқымбай"
топтамасынан бастап өзінше бір
ұғымды стильдік сипатқа ие
болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын)
бөліп атауға болады. Оған шымшыма
мысқылы мен аңқаусыған әжуасы,
ақжарқын күлкісі қосылғанда,
шығарманы жандандырып, қызықты да
тартымды етіп жібереді.
Айталық,
ұжымдық шаруашылықтың,
әйтеуір, "босқа өлтірмейтін",
не істеп, не қоям дегізбей, екі
қолға бір жұмыс тауып беретін "кереметіне"
деген ауыл кедейінің көзқарасын
оның өзіне тән мәнерде:
Бәрін
айт та, бірін айт,
Коллективтің
жырын айт, — деп қуақы
көңілділік танытса, "Мырқымбайда":
—
Мырқымбай, Мырқымбай, Мырқымбай!
Бай,
бай, бай, ит-ай!
Әй,
құдай-ай!
Жынды
бала бергенше,
Мұның
жүзін көргенше,
Қу
бас болған көп артық қой,
Бейімбет
қазақ поэзиясына ой мен сезімді
баяндау, суреттеусіз-ақ
айтып жеткізудің өлең-диалог
түрін енгізді.
Сұрақ пен жауапқа ғана
құрылған, екі адамның
сөйлесуі түріндегі "Ыбыраймыз,
Ыбыраймын" деген өлең соның
мысалы. Әрқайсысы бір, екі-үш
сөзден ғана тұратын
тақ-тұқ үш сұрақ
пен үш жауап арқылы, төңкерістен
кейін қазақ аулында ғасырлар бойы
қалыптасқан
өмір қалпын асты-үстіне
шығарған әлеуметтік топтар
психологиясына әсерін тасқа
басқандай етіп көрсеткен. Өлеңде
бірде-бір артық элемент жоқ, әр
сөз, әр сөз емес-ау, әр қосымша
сөйлесушілердің мәнді
әлеуметтік-психологиялық мінездемесі
қызметін атқарьш тұр. Оны айтасыз,
өлеңдегі маңызды әлеуметтік
мазмұн оның ойнақы, қызықты
болып шығуы да, сайып келгенде, сол -мыз,
-мын қосымшаларының мысқыл,
ажуа тудыратын мағыналарына байланысты.
Өлеңнің екі бөлігін салыстырып
оқыған кісі бұған оңай көз
жеткізеді.
"Ыбыраймыз,
Ыбыраймында":
Кеше:
-
Уа,
кімсіз? ,
-
Ыбыраймыз.
-
Жаймысыз?
-
Жаймыз.
-
Уа,
қайдан келесіз?
-
Сайлаудан
келеміз.
-
Елге
ойран сап,
-
Ойнаудан
келеміз.
Кеше:
сұрақ қоюшы ізет-құрметпен:
"Уа, кімсіз?" — дейді, жауап беруші: "Ыбыраймыз",
— деп сызданады.
Ал
бүгінгі сөйлесудің әуені
мүлде керісінше.
Бүгін:
-
Уа,
кімсің?
-
Ыбыраймын.
-
Жаймысың?
-
Жаймын.
-
Қайдан
келесің?
-
Соттан
келемін.
-
Соттан
емес-ау,
-
Оттан
келемін...
Бүгін
кешегіндей мүләйім үнмен: "Кімсіз?",
"Жаймысыз?", "Қайдан келесіз?"
демейді, "Кімсің?", "Жаймысың",
"Қайдан келесің?" дейді. Неге
бұлай, мұның себебі не? Себебі
бүгін кешегі етектегі — өрге,
есіктегі төрге шыққан.
Ақынның тапқырлығы қайран
қалдырады.
Қазақ
әдебиетіне Бейімбет енгізген бұл
өлең-диалог үлгісі кейінгі ірі
ақындар шығармашылығында
өзінің сәтті жалғасын тапты (мысалы,
Ә. Тәжібаевтың "Сыр жырлары", М.
Мақатаевтың "Нетер едің?"
өлеңі, т.б.).
Қорыта
келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ
төңкерісіне дейінгі және одан
кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің
өзінше бір көркем кестелі шежіресі
деуге болады, оның өзіне тән елеулі
ерекшелігі мен тарихи мәні де осында.
Байтұрсынов
Ахмет
Молдағалиев
Жұбан
Мұстафин
Ғабиден