МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі- Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Өмір
жолы. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы
Солтүстік Қазақстан облысының
бүгінде өз есімімен аталатын ауылында
орташа ғана дәулеті бар отбасында
дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан,
содан соң ауылдағы мұғалімнен
оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары
Қызылжар (Петропавл) қаласындағы
медреседе оқиды. Медреседе бірқатар
шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс
ақындарының. жырларымен танысады.
Өзі де әдебиетпен шұғылданады.
1910 жылдың күзінде Уфаға келіп,
осындағы Ғалия медресесіне түсіп
білімін молайтады. 1913-1917 жылдары
Омбыдағы мұғалімдер
семинариясында оқиды.
Омбыдан
елге қайтып келіп, айналасында болып
жатқан қоғамдық жұмыстарға
араласады. 1917 жылдың көктемінде
Ақмола облыстық халық ағарту
бөліміне қызметке кіреді. Алаш
партиясының жұмысына араласады.
Ақмола губерниялық "Бостандық
туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 жылы
Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол"
газетінің редакциясына кіреді.
1923-1926
жылдары Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер
институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып,
оқытушылықпен айналысады. Бірақ
көп ұзамай Мәскеуде оқып
жүргенде "Алқа" ұйымын
ұйымдастырғаны үшін
тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936
жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына
қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында
ұсталып, 1938 жылы "халық жауы"
деген жаламен ату жазасына кесіледі.
Шығармашылық
мұрасы. Мағжанның
шығармашылық жолы Қызылжар
қаласында оқып жүргенде басталады.
Бойында әдебиетке деген
құштарлықтың ұшқыны бар
жас Мағжанның жүрегіне 1909 жылы
Петербург қаласында жарық көрген
Абайдың тұңғыш өлеңдер
жинағы орасан зор әсерін тигізеді.
Абайдың жыры талапкер ақын
жүрегіндегі ұшқынға алау береді
Алғашқы жырларын жазады. Татар
жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің
көмегімен 1912 жылы Қазан қаласында
Мағжанның "Шолпан" деп аталатын
тұңғыш өлеңдер жинағы
жарық көреді. 1922 жылы Қазанда
ақынның таңдамалы өлеңдер
жинағы кітап болып шығады.
Мағжан
— лирикалық өлеңдермен қатар
бірнеше көркем поэмалар жазған
ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың
қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт",
т.б. поэмалары ақын талантының ерекше
қырын танытады.
Әдеби
шығармаларымен бірге Мағжанның
қаламынан туған ғылыми еңбектер,
оқу құралдары да кезінде
халқының қызметіне жарап, елеулі
мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге
шақырған қаламгер педагогика
саласында бірқатар еңбек жазды. 1923
жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап
шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы
Мәскеуде төменгі сынып
шәкірттеріне арналған "Сауатты бол"
атты оқулығы жарық көреді.
1938
жылы жазықсыз жазаның құрбаны
болғаннан кейін Мағжан
шығармашылығын оқуға,
жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз
тәуелсіздік алар тұстағы арнайы
үкімет шешімі арқылы ғана
ақынның есімі мен шығармашылық
мұрасы толық ақталды. 1989 жылы
ақын шығармаларының бір томдығы,
1995 жылы үш томдық жинағы жарық
көрді.
Байтұрсынов
Ахмет
Молдағалиев
Жұбан
Мұстафин
Ғабиден