М1РЖАҚЫП
ДУЛАТҰЛЫ
(1885-1935)
XX
ғасырдың басындағы қазақтың
ағартушылық,
Өмір
жолы. Міржақып Дулатов 1885 жылы 25
қарашада қaзipri
Қостанай
облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел"
ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне
жетерлік
дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады.
Балаларын жастайынан
оқуға береді. Алғашқыда бала
Міржақып ауыл молдасынан
оқып, хат таниды. Молдадан екі
жыл оқығаннан кейін,
1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын
Мұқан мұғалімнен дәріс алады.
Бұл мектеп Міржақьштыц
білімін толықтырумен қатар, азамат
ретінде қалыптасуына
да аса зор ықпал жасайды, Мұқан
мұғалім ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын
қалаған оқу орнының,
дәлірек
айтқанда, Торғай қаласындағы
уездік орыс-қазақ мектебінің
тулегі болатын. Өз шәкірттеріне
де ол осы рухта тәлім-тәрбие,
терең білім
береді.
Екі
жасында анасынан, он екі жасында әкесінен
айырылып,
жетім қалған Міржақып бұдан
кейін Асқар деген
ағасының
тәрбиесінде болады. 1902 жылы, уездік
мектепті
бітірген
соң, еңбекке араласады. Біраз жыл
ауыл мектептерінде
бала оқытады.
Бұл
кезең
патша өкіметінің
отаршылдықты
қазақ даласында
күрт
күшейтіп,
қалың елге тізесін
қатты батырып
тұрған шағы болатын. Бұл
жағдай сол кездегі қазақтың көзі
ашық, оқыған, зиялы азаматтарына
қозғау салды.
Наразылық туды.
Күресудің
жолдары қарастырылып
жатты. Оның негізгі жолы ретінде
оқуға, білім
алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте
халық саяси
құбылысқа айналып, ел ішінде
отаршыл
саясатқа қарсы
ұлт-азаттық идеялары туындады.
Патшалық
Ресей де
бірінші
буржуазиялық-демократиялық
дүмпудің қарсаңында
болатын.
Міне,
осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы
Міржақып Омбы
қаласына
келеді. Осында ұлт зиялыларының
ұстазы Ахмет
Байтұрсыновпен
кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi
— ұстаз, бipi
—
ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905
жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre
Қарқаралыдағы
саяси-бұқаралық жұмыстарға
қатысады. 1905 жылы
патша өкіметіне қазақ халкының
атынан петиция жазушылардың
қатарында болады.
1906
жылы Петербургке барып қайтады. Бұл
сапарынан ол
саяси күрескер ғана емес, шабытты
ақын больш оралады. 1907
жылы
Петербургте шыққан "Серке"
газетіне “Жастарға"
деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің
мақсатымыз"
деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақьш
қазақ халқының басындағы
қиын жағдайдың анық
себептерін саралап, отарлық саясатты
әшкерелейді. Патша өкіметі
мақала авторын тұтқындамақ
болғанмен, бүркеншік
аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте
М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты
өлеңдер жинағы
жарық көреді. Бұл кітап та патша
әкімшілігінің қуғындауына
ұшырайды.
1913
жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre
"Қазақ" газетін
шығарып, басылымның бұдан кейінгі
жұмысына белсене
араласады.
1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ
жол" газетінде қызмет атқарады. 1922
жылы жазықсыз қамауға
алынады.
Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы
Орынбордағы
ағарту институтында оқытушы болады.
1928 жылдың
аяғында бip
топ қазақ зиялыларымен бipre
қамауға
алынады да,
он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс
болады.
Шығармашылық
мұрасы.
Міржақып Дулатов — әдебиеттің
әр түрлі жанрына қалам тартқан
қаламгер. Алғашқы
кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен
Петербург қаласындағы
жарық көрген
өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы
Орьнборда
"Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер
кітаптары басыльш шығады. Ақын
өлеңдерінің басты такырыбы—ел
тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян,
қазақ!" жұртшылық арасында
ауыздан-ауызға, қолдан-қолға
тез тарап кетеді. Қайта басылады.
Кітаптың нeriзгi
мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен
күресуге шақырған
өлеңдер құрады. Сол себепті де
кітап тұтқындалып,
авторы құғынға ұшырайды.
Өзінің
шығармашылық жолын ә дегеннен
өлеңнен бастаған
Міржақып проза жанрына да қалам
сілтейді. 1910 жылы
оның
осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз
Жамал" романы
Қазан қаласында басыльш шықты.
Бұл - қазақ әдебиетіндегі
таза көркем проза үлгісінде туған
тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші
peт
басылды.
Бұл
жылдары Міржақып бірқатар
мақалалар мен фельетондар
жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын
"Есеп кұралы" оқулығын
бастырады. "Балқия" пьесасын
жазады.
М.
Дулатовтың шығармалары қазақ
елінің тәуелсіздік алған
кезінен бастап кеңінен жариялана
бастады. 1991 жылы
шығармаларының бip
томдық, ал 1996-1997 жылдары
екі томдық жинақтары жарык көрді. М.
Дулатов шығармашылығы
жөнінде ғылыми зерттеулер
жүргізіліп, бірқатар
кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Өлеңдері.
Өзінің алғашқы өлеңдерінен
бастап туған халқының
тағдырындағы
қиындықтар мен ауыртпалықтардың
сырына үңіліп,
оның әлеуметтік тамырын
әшкерелеуді мақсат еткен ақын
Міржақьш "Оян, қазақ!"
атты тұңғыш өлеңдер
жинағьн мынандай өлең жолдарымен
бастайды:
Көзіңді
аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей
қараңғыда бекер жасты.
Жер
кeттi,
дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым,
енді жату жарамас-
ты.
Ресей
патшасының отарлау саясаты, қазақ
жұртының хал-жағдайы,
өнер-білімнің аздығы, басқа да
түрлі қacipeттep
осы төрт жолға сыйып тұрған
секілді. Онын үстіне
бұл жолдарды Міржақып
шығармашылығының өне
бойына тартылған темірқазық,
идеяның басты бағдардың
көрінісі деуге де болады. Ақын үшін
халқының өмірін жырлаудан
асқан мәртебелі тақырып жоқ.
Көп
өлеңдерінде ол қазақ елінің
ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі
жағдайын баяндай келіп, елдің
мүддесіне қызмет ету—әpбip
азаматтың парызы деген
тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ
халқының бұрынғы
һәм бүгінгі халі", "Таршылық
халіміз хақында аз
мінәжат", "Сайлаулар хақында",
"Жастарға", “Қазақтың
ру басшыларына", "Атқамінер
сұмдарға", тәрізді
өлеңдерінде қазақ
қоғамының сипаты, ондағы адамдар
психологиясы,
соларды көрген ақынның өкінішті күйі
анық бейнеленген. Ақынның сол
тақырыптағы шығармаларының
бipi
—
"Шағым"
өлеңі.
…Бір
қарағанда "Шағым" өлеңі
ақынның аз ғана сәттік
көңіл күйінен
туған тәрізді. Әйтсе де мұнда
жеке бастың мұңынан
гөpi
әлеуметтік
ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік,
бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық,
алауыздық тәрізді тольш
жатқан кеселдерді көре тұрып,
ақын мұңаяды.
Тығырыққа
тірелгендей
болады.
Жүректен
қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған
жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған
қам көңілді бip
көтерер
Жанымда
жан ашитын адам да жоқ, —
деп
Міржақыптың
өзі
айтқандай, халқының
тұрмысындағы әлгіндей
керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне
оқ болып қадалады.
Сондай сәттерде айналасынан өзіне
серік болатын,
тірек
болатын адам іздейді. Таппай көңілі
құлазиды. Дегенмен
ақынның мұңы терең
қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің
соңында: "Әділдік аста қалған
еш күні жоқ", — деп, түптің
түбінде әділдіктің жеңетініне
сенеді. Сол жолда өзінің бар
күшін, өмірін аямайтынын былайша
жеткізеді:
Мен
біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін
жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша
жарты жаңқам мен сенікі —
Пайдалан
шаруаңа жараса, алаш!
Аталған
өлең азамат ақынның алдына
қойған мақсатын қаншалықты
айқын түсінетінін байқатады.
Ақынның мақсаты—халқының
тағдырына ара түсу, елі үшін
еңбек етуге, бел
буу. Сол себепті де ақынның
өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті
әшкерелейді, олардан арылудың жолын
іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз
хақында аз мінәжат"
өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі
суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз,
жайбарақат тіршіліктің беті ашылады.
Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың
жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі
жүгенсіздік пен әділетсіздікті
сынға алады.
Міржақыптың
осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы
өлеңдерінің тақырыбы да, айтар
ойы да, кұрылысы
да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан.
Ақын бірде халықтың
тағдырын, бүгінгісі мен келешегін
толғаса, бірде жастарды
оқу-білімге шақырған насихат
айтады немесе күнделікті
өмірдегі құбылыстарға
қатысты адамгершілік мәселесін
қозғайды, ал енді бірде патша
өкіметінің озбыр саясатын,
ел билеушілердің әділетсіздігін
сынайды.
Міржақьш
қаламынан туған көркем де
күрделі туынды — "Алашқа"
өлеңі. Ақын халқына қарата
сөйлеп, оның өткендегі
өмірін есіне түсіріп, жақсы мен
жаманды, кешегі мен
бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар
әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын
алдымен күні кеше төскейі төрт
түлік малға толған бетегелі
қырлардың, онда көшіп-қонған
берекелі ауылдардың
сәнін әсем суреттейді, ел баскарған
ақылды хандар мен
билерді еске алады.
Салтанат
Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып
жүрген кеше күнің қайда? —
деп
келш, ел ішінен халқының сөзін
сөйлейтін шешендер мен
елін, жерін қорғайтын ерлер,
ақылдың кені іспетті дана қарияларын
іздейді. Солар бар жерде елдің
берекесі де
артык болмақ
Бірақ
өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би —
парашыл, қарттары
— қарау. Бірлік жоқ, алауыздық
үстем. Ақын осыған
өкінеді.
Алашым,
айтқанды алсаң, без бұлардан
Еш
нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой
бағьш қасқыр қашан опа
қылған,
Көре
бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
— деп,
туған халқын ойлануға шақырады.
Қойды қасқырға бақтырғандай
әділетсіз заманның жайын
түсіндіреді. Ел басқарушы
залымдарға сенбей, өз күшімен
күн көру қажеттігін
айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
Байтұрсынов
Ахмет
Молдағалиев
Жұбан
Мұстафин
Ғабиден